ГАММА-ПЫШАҚПЕН СТЕРЕОТАКСИКАЛЫҚ РАДИОХИРУРГИЯ — БҰЛ НЕ?

Радиохирургия – бассүйек ішіндегі патологиялық ошақты стереотаксикалық техниканы пайдаланумен бір сеанс ішінде радиацияның үлкен мөлшерін қолданумен жоғары дәлдікті сәулемен емдеу әдісі. Гамма-пышақ аппараты бассүйек ішіндегі патологияның (онкологияның, қантамырлы мальформацияларды, тригеминалды невралгияның) кең спектрін инвазивті емес емдеу үшін жоғары мамандандырылған аспап болып табылып, нейирохирургиялық арсеналда ерекше орын алады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

image

Тіліксіз және трепанациясыз, ауыртуды тудырмай

image

Құны және тиімділігінің арақатынасы пайдалы

image

Сезім мүшелері зақымдалуының қауіпі минималды

image

Сәулесоққының дәлдігі ең жоғары

image

Барлық ем-шара бір күн ішінде өтеді

ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

image
Академик Н.Н. Бурденко атындағы Нейрохирургия ҒЗИ жанындағы Гамма-Пышақ орталығы пациенттер үшін өз есігін 2005 жылғы сәуір айында ашты. Жұмыс істеген жылдары біздің орталықта 6000 астам пациент емделіп шықты. Халықаралық әріптестермен мықты ғылыми байланыстар орнатылды. Біз Гамма-Пышақ аппаратында мамандарды даярлау бойынша Elekta фирмасының оқу орталығы болып табыламыз.

Біздің дәрігерлеріміздің жоғары біліктілігі.

Оларда еліміздің жетекші мамандандырылған мекемесі – РМҒА-ның Академик Н.Н. Бурденко атындағы Нейрохирургия ҒЗИ нейрохирургтарының көп жылдық практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Олар өз тәжірибесін радиология және стереотаксикалық радиохирургияның тәжірибелік білімдерімен шебер үйлестіреді. Бұл пациенттерге Гамма-пышақты пайдаланумен ғана шектелуге міндетті болмайтын, диагностикалау мен емдеудің ОҢТАЙЛЫ тактикасын ұсынуға мүмкіндік береді.

РМҒА-ның Академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ҒЗИ-мен тығыз ынтымақтастық.

Радиохирургиялық емдеу алдында және емдеуден кейін біздің пациенттерімізге еліміздің неврология, нейроофтальмология, отоневрология, нейрорентгенология, нейроэндокринология, нейропсихиатрия жөніндегі жетекші мамандар консультациялар өткізіп, өз ұсынымдарын береді. Нейрохирургия ҒЗИ базасында пациенттерде (көрсетілімдер бар болған кезде) Ресейдің және ТМД-нің басқа медициналық мекемелерінде көп жағдайда қол жетімді болмайтын қосымша зерттеудің түрлі әдістерінен өту мүмкіндіктері бар:

  • Бас миінің спиральді КТ-перфузиясы
  • Бүкіл денені DWI режимінде МРТ
  • Бір фотонды эмиссиялық КТ
  • Электроэнцефалография
  • Гистологиялық препараттарды қайта қарастыру
image

АНДРЕЙ ВЛАДИМИРОВИЧ ГОЛАНОВ

Профессор, м.ғ.д., нейрохирург, бас директордың медициналық қызмет жөніндегі орынбасары, жетекші радиолог.

РДКБМА радиология кафедрасының профессоры. Мәскеу нейрохирургтары қоғамының, Ресей нейрохирургтары ассоциациясының, Дүниежүзілік, Еуропалық және Америкалық нейрохирургтар ассоциациясының (WFNS, EANS, AANS), , Америкалық және Еуропалық онкологтар және радиологтар қоғамының (ASTRO, ESTRO), Халықаралық стереотаксикалық радиохирургия қоғамының (ISRS), Дүниежүзілік және Еуропалық «Гамма-пышақ» пайдаланушылары қоғамының (Leksell Gamma Knife Society), Стереотаксикалық радиохирургтар қоғамының (RSS) және т.б. мүшесі болып табылады. 275-тен астам баспа жұмыстарының авторы және 5 монографияның авторласы. Стереотаксикалық радиохирургияны дамыту үшін «Жыл жетістігі» номинациясында онкология саласындағы І Бүкілресейлік сыйлығының лауреаты. РМҒА-ның медициналық ғылымды және денсаулық сақтауды дамыту бойынша жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасы.

ЕМДЕЛУДІҢ ҚҰНЫ

2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Гамма-пышақ» орталығында РФ азаматтары – жеке тұлғалар үшін 10% мөлшерінде емделуге арналған шегерім қолданылады. Медициналық қызметкелер, Чернобыль апаты зардаптарын жоюшылары, ҰОС ардагелері үшін 15% шегерім қарастырылған (растайтын құжаттар ұсынылған кезде). Емделу үшін қайта жүгіну кезінде де шегерімдер қарастырылған.

Нейрохирургия ҒЗИ-ға ауруханаға жатқызу, соның ішінде агиографияны өткізу үшін, прейскурантта көрсетілген құнға кірмейді және де Н.Н. Бурденко атындағы Нейрохирургия ҒЗИ-дің қолданыстағы прейскуранты бойынша жеке есептеледі.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ:

дүйсенбі-бейсенбі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұма: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

ПОШТАЛЫҚ ЖІБЕРІЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕКЕНЖАЙ:

125047, Ресей, Мәскеу қаласы, 4-ші Тверская-Ямская көш., 16-үй, 3-корпус Нейрохирургия іскерлік орталығы.

ҚОҢЫРАУҒА ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ
ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ
КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛУ